Қазақстандық Юлия Путинцева Аустралияның Хобарт қаласында өтіп жатқан WTA 250 Hobart International турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда қазақстандық теннисші италиялық Элизабетта Кочареттоны 0:6, 7:5, 7:6 есебімен жеңді.

Матч 2 сағат 20 минутқа созылды.

Естеріңізге сала кетейік, Хобарттағы турнир 2024 жылдың 8-13 қаңтары аралығында өтеді. Жарыстың жүлде қоры 267 082 доллар.