ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппенің агенттігі форвард «Реал Мадридпен» келісімге келді деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Мбаппенің мадридтік клубқа ауысуға жақын екенін жазған болатын.

«Мбаппенің болашағына қатысты ешқандай келісім болған жоқ. Бұл бойынша тіпті талқылаулар басталған жоқ.

Ешкім Килианға тезірек шешім қабылдауға қысым жасай алмайды», - деп келтіреді агенттіктің сөзін Sky Sports.

Мбаппенің ПСЖ-мен қазіргі келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін есептелген.