Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов «Ақтөбеде» қалуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Футболшы «Ақтөбемен» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына аттанды.

Бұған дейін Арман «Ақтөбеден» кетіп, «Астана» командасына қосылатыны хабарланған болатын.

23 жастағы Кеңесов «қызыл-ақтар» сапында 2022 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Жартылай қорғаушы «Ертіс», «СКА-Хабаровск» және «Қайсар» командаларында ойнаған.