«Челси» бас бапкері Маурисио Почеттино клуб қаңтардағы трансфер кезеңінде жаңа шабуылшы алуы керек пе деген сұраққа жауап берген, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жоқ, жоқ, жоқ. Біз, әдеттегідей, құрамды бағалаймыз. Кеше және бүгін қожайындармен және спорт директорларымен әңгімелестік. Біз, басқа командалар сияқты, нұсқалар мен мүмкіндіктерді іздейміз.

Бірақ мен өте қуаныштымын, себебі бізде Броя мен шабуылшы ретінде ойнай алатын әртүрлі ойыншылар бар және командаға гол соғуға, ойындарда жеңіске жету үшін бізге екінші қатардағы шабуылдаушы ойыншылар қажет. Мен осы құрамға ризамын. Әрине, егер біреу пайда болса, біз оны жариялаймыз», — деп келтіреді бапкердің сөзін ВВС.