«Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Лисандро Мартинес пен жартылай қорғаушы Каземиро жаттығуға кірісті. Бұл туралы команда бас бапкері Эрик тен Хаг мәлімедеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дегенмен, ойыншылар толықтай құрамға оралуға дайын емес. Маман оларға тағы бірнеше апта қажет болады деп санайды.

Мартинес пен Каземиро 1 ақпанда «Вулверхэмптонға» қарсы ойында алаңға оралуы мүмкін. Бұған дейін «Манчестер Юнайтед» 8 қаңтарда Англия кубогында «Уиганмен» және 14 қаңтарда АПЛ аясында «Тоттенхэммен» кездеседі.