Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы сатылымға қойылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

2024 жылы 23 қаңтарда «Қайсарды» сатып алу құқығымен 5 жылға сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер өтеді. Бұл электронды сауда-саттық сайтында хабарланды.

Алғашқы баға - 1,6 миллиард теңге. Бастапқы жарна - 252 миллион теңге. Тендерге қатысушы жалғыз болса да, сатып ала беруге болады.

Қазір клуб «Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының» балансында.