Ақтөбелік түлек Игорь Трофимец Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында «қызыл-ақтардың» қатарына қосылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 жастағы қақпашы алдағы маусымда «Ақтөбедеге»оралуы мүмкін.

«Қызыл-ақ» түлегі командамен бірге Түркияда 8-28 қаңтар аралығында Белекте өтетін оқу-жаттығу жиынына барады.

Трофимец «Ақтөбеден» 2020 жылы кетіп, кейін «Шахтер», «Ақсу», «Екібастұз» клубтарында өнер көрсетті.