UFC 300 турнирі аясында аралас жекпе-жек шебері Арман Царукян мен бразилиялық файтер Чарльз Оливейра кездеседі.

Жекпе-жек үш раундқа жоспарланған. Жекпе-жекте жеңгені жеңіл салмақтағы чемпион Ислам Махачевпен күш сынасады. Ол бәсеке жазға жоспарланған. UFC 300 турнирі АҚШ-тың Лас Вегас қаласында 13 cәуірде өтеді.

Царукян соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың желтоқсанында UFC on ESPN 52 турнирінде Бенейл Дариушке қарсы өткізді. Бұл кездесуда Царукян бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Оның активінде 21 жеңіс және үш жеңіліс бар.

Оливейра соңғы рет октагонға өткен жылы маусымда шықты. Ол UFC 289 турнирінде бірінші раундта Бенейл Дариушты техникалық нокаутпен жеңді. Оливейраның активінде 34 жеңіс пен 9 жеңіліс бар.