«Барыстың» швециялық хоккейшісі Понтус Оберг ҚХЛ-дағы 100-кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Салават Юлаев» — «Барыс» мачтында швед ойыншысы Құрлықтық хоккей лигасындағы 100-кездесуін өткізді.

Понтус Оберг ҚХЛ-дағы мансабын 2020 жылы Челябинскінің «Тракторында» бастаған. 100 матчта швед ойыншысы 25 шайба соғып, 28 нәтижелі пас берді.

«Барыс» сапында Понтус Оберг 46 ойынға қатысып, 30 ұпай жинады (15+15).