Жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде екінші орында тұрған америкалық файтер Белал Мухаммед қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қарсы жекпе-жек туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мухаммед жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Леон Эдвардсты жеңетініне толық сенімді, ол жеңіп алған титулын Шавкат Рахмоновқа қарсы кездесуде қорғауды жоспарлап жатыр.

«Титулды жеңіп алған соң Шавкат Рахмоновқа қарсы жекпе-жек өткізіп, бірінші мәрте атағымды қорғаймын. Біз мұнда тарих жасау үшін және оны кейінге үлгі ретінде қалдыру үшін келдік», - деді файтер.

Айта кетейік, Мухаммед пен Эдвардс биыл сәуір айында Лас-Вегаста өтетін UFC 300 турнирінде кездесуі мүмкін.