Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) ресми сайты «Салават Юлаев» - «Барыс» (5:3) кездесуінің үздік ойыншыларын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алаң иелерінің шабуылшысы Джошуа Ливо матчтың ең үздік ойыншысы атынды: «ол дубль жасады».

Екінші жұлдыз уфалық команданың тағы бір шабуылшысы Егор Сучков болды: «ойында есеп ашты».

Үшінші үздік ойыншы атағы «Барыс» шабуылшысы Энтони Камараға бұйырды: «шайба соғып, нәтижелі пас берді».