Аралас жекпе-жек әлеміндегі танымал журналист Нина-Мари Даниэль әнші Рианнаның әйелдер іш киімі брендінің жарнамасына түсті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты VS MMA | Вернусь СИЛЬНЕЕ ММА (Вестник ММА 2.0) телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Видеода Даниэль бірнеше модельмен бірге іш киім жарнамасына түскенін көруге болады.

Ол жақында ғана кеңінен танымал болды, Нина-Мари спорт журналистикасымен айналысқанына бір жыл болды, ең бастысы, ол UFC файтерлерімен, соның ішінде жеңілмеген қазақстандық Шавкат Рахмоновпен қысқа блиц-сұхбаттары арқылы ел назарын аударды.