«Жеңіс» клубы келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты екі ойыншымен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы астаналық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Командадан жартылай қорғаушы Рустам Темирхан мен қорғаушы Лаша Касрадзе кетті.

Рустам «Жеңіске» 2023 жылғы маусымның басында ауысты. Барлық турнирде 25 кездесу өткізіп, 4 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді. Лаша клубқа 2023 жылғы маусымның ортасында қосылды. Барлық турнирде 14 кездесу өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.