Украиналық ойыншы Евгений Коноплянка мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін.

Бұл туралы Sportinfo.az порталы хабарлады. Қазіргі таңда 34 жастағы футболшы еркін агент.

Оның соңғы командасы Румынияның ЧФР болды. Бұған дейін «Севилья», «Шальке», «Шахтер» мен «Краковияда» ойнаған.