Қазақстандық теннисшілердің Australian Open 2024 іріктеу кезеңіндегі алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үш қазақстандық теннисші Австралия ашық чемпионатының іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді: Бейбіт Жұқаев (ATP рейтингінде 188-орын), Денис Евсеев (190-орын) және Тимофей Скатов (222-орын). Жұқаев аргентиналық Николас Кикермен (510-орын), Евсеев украиналық Виталий Сачкомен (169-орын) кездеседі, ал Скатовтың турнир басындағы қарсыласы босниялық теннисші Дамир Джумхур (154-орын) болады.

Айта кетейік, Қазақстанның жекелей сында үздік теннисшісі Александр Бублик (32-орын) 2024 жылғы Australian Open турниріндегі өнерін бірінші айналымнан бастайды.