Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Нонтхабуриде ITF турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге финалда таиландтық Ланлана Тараруди — тайбэйлік Чиа-И Цаомен сынға түсуі керек еді. Алайда таиландтық-тайбэйлік жұп бәсекеге келмей қалды да, Құламбаева мен Сакеллариди финалда ойнамастан чемпион атанды.

Осылайша, Жібек Құламбаева жұптық сында ITF додасында жаңа жылдағы бірінші, спорттық жолындағы 27-титулына қол жеткізді.