«Атырау» ФК командадан екі ойыншы кеткенін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атыраулық командадан 25 жастағы қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев пен оң қаптал вингері 28 жастағы Солтүстік Македония өкілі Флориан Кадриу кетті. Екі ойыншының да командамен келісімшарты аяқталды.

Айта кетейік, беделді Transfermarkt порталы Өміртаевты 175 мың еуроға, ал македониялық футболшыны 150 мың еуроға бағалап отыр. Қазіргі уақытта спортшылар еркін агент атанды.