«Жетісудың» бұрынғы шабуылшысы Анес Рушевич Румыния чемпионатына ауысты.

27 жастағы сербиялық ойыншы «Оцелула» командасымен келісімшартқа отырды.

Рушевич өткен маусымда ел чемпионатында 13 матч өткізіп, алты гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанды.