Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Kazinform.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге финалда таиландтық Ланлана Тараруди — тайбэйлік Чиа-И Цаомен сынға түсуі керек еді.

Алайда таиландтық-тайбэйлік жұп бәсекеге келмей қалды да, Ж.Құламбаева мен С. Сакеллариди ойнамастан чемпион атанды.

Осылайша, Жібек Құламбаева жұптық сында ITF додасында жаңа жылдағы бірінші, спорттық жолындағы 27-інші титулына қол жеткізді.