Prosports.kz Сергей Морозовпен сұхбатында исламды қабылдағаннан кейін спортшының дүниетанымы мен бүкіл өмірінде не өзгергенін сұрап білді.

Ол "ММА-да өнер көрсету харам ба?" деген сұраққа да жауап берді.

"Октагонда төбелесетіндер мұсылмандар, менің ойымша, бұл сұраққа өздері жауап береді. Кім түсінеді, Әлхамдулиллах. Ислам қарапайым және түсінікті. Әркім өзіне қажет нәрсені одан алады. Кейбіреулер оны толығымен қабылдайды, кейбіреулері ішінара қабылдайды. Кім қалай түсінсе, солай түсінеді... Болады, болмайды... Сіз өмір бойы осылай жекпе-жек өткізіп, оның бәрін бірден тастап, кету қиын... Бұл оңай қадам емес. Және бұл әркімнің қолынан келе бермейді", - деді спортшы.

Сұқбаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Айта кетейік, әлі де ресми түрде UFC файтері, қазақстандық Сергей Морозов өзінің кейінгі жекпе-жегін 2022 жылдың желтоқсан айында әлемдегі ең беделді промоушенде өткізді. Ол Лас-Вегаста кездесуде америкалық Journey Newson-ды бірауыздан жеңді.