Әлі де ресми түрде UFC файтері, қазақстандық Сергей Морозов өзінің кейінгі жекпе-жегін 2022 жылдың желтоқсан айында әлемдегі ең беделді промоушенде өткізді. Лас-Вегаста америкалық Journey Newson-ды бірауыздан жеңген отандасымыз UFC-дегі өзінің рекордын жасап, содан кейін теледидардан көрінбей кетті. Бірақ оның жанкүйерлері спортшының қазір мұсылмандардың киелі жерлеріне зиярат етіп, отбасылық істерімен айналысатынын жақсы біледі.

Prosports.kz Сергей Морозовпен сұхбатында исламды қабылдағаннан кейін спортшының дүниетанымы мен бүкіл өмірінде не өзгергенін сұрап білді.