Бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав «Атлетико Гояниэнсе» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz Sport-express.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 39 жастағы футболшы тоғызыншы нөмірмен өнер көрсетеді. Жаңа маусымда «Атлетико Гояниэнсе» А сериясында ойнайды.

Вагнер Лав бұған дейін Sport Recife-де ойнаған; шабуылшының клубпен келісімшарты желтоқсанда аяқталды. 2004-2012 және 2013 жылдары бразилиялық ЦСКА ойыншысы болды. Аталған клубпен бірге ол Ресейдің үш дүркін чемпионы, алты дүркін Ресей кубогының жеңімпазы, төрт дүркін ел суперкубогының жеңімпазы және УЕФА кубогының иегері атанды.

Сондай-ақ, футболшы бүкіл мансабында «Монако», «Бешикташ», «Фламенго», «Коринтианс», «Қайрат» және т.б. клубтарда доп тепті.