Жапон жартылай қорғаушысы Такуя Мацунага "Елімайдың" қатарына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылдың соңында футболшымен келісімшарт мерзімі аяқталып, семейлік клуб оны ұзартпау туралы шешім қабылдаған. Алайда кейін Мацунаганың Түркияда өтетін екінші оқу-жаттығу жиынына қосылатыны белгілі болды.

Такуя Мацунага аталған команда сапында 28 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді. Семейлік команда сапында жапон футболшысы бірінші лига чемпионы атанды.