Америкалық спорт журналисі Лаура Санко жеңіліп көрмеген қазақстандық UFC спортшысы Шавкат Рахмоновқа деген ғашықтығы туралы қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Санко Рахмоновты өзінің сүйікті спортшысы деп санайтынын бірнеше рет мойындады.

«Шавкат менің сүйіктім емес, бірақ оның жанкүйерімін.Егер Майкл Биспинг немесе Дэниел Кормье туралы айтсам соларға ғашық болып саналамын ба? Қандай да бір спортшы туралы жақсы сөз айтсам солардың барлығына ғашық болуым керек пе? Шавкат UFC-ге келе салысымен маған ұнады. Және ол керемет, таңғажайып істерді жалғастырып жатыр. Сондықтан оны қолдаймын», - деді Санко Майкл Биспингтің YouTube арнасына берген сұхбатында.

Шавкат Рахмонов ММА бойынша 18 жекпе-жек өткізіп, 18-інде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Ол UFC жартылай орта салмақ рейтингінде 3-орында тұр.