Бразилиялық клубтың оң қорғаушысы Агуа Санта Режинальдо «Ордабасымен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

30 жастағы футболшының бразилиялық «Коритиба», «Атлетико Паранаэнсе», «Ювентуде» және т.б. клубтарында ойнаған тәжірибесі бар. Бразилияның В сериясында Режиналдо 241 матч өткізіп, алты гол соғып, 14 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ оның Бразилия чемпионатының жоғарғы дивизионында сегіз ойыны бар. Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 300 мың еуроға бағалады.

Жақын арада «Ордабасы» бразилиялық ойыншының ауысқанын ресми түрде жариялайды.