«Ливерпуль» командасын күшейтіп жатыр. Аталмыш клуб Мёнхенгладбахтың «Боруссия» сапында өнер көрсететін жапон футболшысы Ко Итакураны қорғаныс шебіне қосқысы келеді.

Танымал инсайдер Фабрицио Романо Юрген Клопп жіберген скауттардың орталық қорғаушының матчтарын стадионнан бірнеше рет тамашалап, ол туралы толық ақпарат жинағанын айтты.

«Тоттенхэм» де Итакураны сатып алушылар қатарында бар. «Шпорлардың» бас бапкері Анге Постекоглу оны «Селтикте» жұмыс істеген күннен бастап өз жағына шақырып келеді.

Итакураға ағылшын футболы бөтен емес. Ұзын бойлы қорғаушы бұған дейін үш жыл бойы «Манчестер Сити» клубында болған. Алайда 26 жастағы ойыншы Хосеп Гвардиоланың назарын аудара алмаған соң Манчестерден кетіп қалды.