Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) жыл қорытындысы бойынша үздік ойыншылар командасын жасақтады, бірақ оған «Аль-Наср» клубынан португалиялық Криштиану Роналдуды қоспаған.

2023 жылғы IFFHS жұлдызды командасына 11 ойыншы кіреді, оның ішінде Аргентинаның жұлдызды шабуылшысы Лионель Месси, француз Килиан Мбаппе және норвегиялық Эрлинг Холанд бар.

Команданың толық құрамы төмендегідей:

Қақпашы: Эдерсон («Манчестер Сити», Бразилия);

Қорғаушылар: Альфонсо Дэвис («Бавария», Канада), Ким Минджэ («Бавария», Оңтүстік Корея), Рубен Диас («Манчестер Сити», Португалия);

Жартылай қорғаушылар: Родри («Манчестер Сити», Испания), Кевин Де Брюйне («Манчестер Сити», Бельгия), Джуде Беллингем («Реал», Англия), Лионель Месси («Интер Майами», Аргентина);

Шабуылшылар: Килиан Мбаппе («ПСЖ», Франция), Эрлинг Холанд («Манчестер Сити», Норвегия), Харри Кейн («Бавария», Англия).

Фото: iffhs.com.

Еске сала кетейік, португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду 2023 жылы соққан голдары бойынша үздік болғанымен, құрамға кірмеді.