Аlash Pride FC 93 турнирінде қазақстандық файтер Руслан Сариев аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі уақытша чемпиондық белбеу үшін ресейлік Ильмямин Джаватовпен таласқа түседі.

Аталмыш жекпе-жек Шымкент қаласында 2024 жылдың 28 қаңтарында өтеді. Кездесуді Alash Pride TV Youtube арнасынан тікелей эфирден тамашалауға болады. Arlan MMA Pro Team командасының аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі файтерінің рекорды 15 жеңіс, 2 жеңіліс.

Кәсіби карьерасын 2016 жылдың маусым айында NFC лигасында бастады. Сариев тағы бірнеше лигада өзін көрсете білді, бірақ жекпе-жектердің көпшілігі NFC-де жалғасты. Ал Ильмямин Джаватовтың рекорды 7 жеңіс, 5 жеңіліс.

Кәсіби мәнсабын 2017 жылы бастаған. FNG, EFC, Gorilla Fighting Championships промоушендерінің турнирлерінде өнер көрсетіп, Гаджимурад Гасангусейнов, Бахман Шарафи,Расул Шамкхалов сияқты файтерлермен күш сынасқан.