«Галатасарай» 20 жастағы қорғаушы Алекс Бальденің трансфері бойынша «Барселонамен» келіссөз жүргізуді бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі A Spor сайтына сілтеме жасап.

Ыстамбұлдықтар футболшыны алты айға жалға алмақ.

Испаниялық команда ойыншыны дамыту үшін Бальдені жалға бергісі келеді. Футболшының өзі де уақытша клуб ауыстыруға қарсы емес. Трансфердегі бір кедергі – команда қорғаушыны топ-чемпионатқа жалға бергісі келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Алекс каталониялық клубтың түлегі. Ол «Барселонаның» негізгі командасына 2022 жылдың жазында қосылған. Осы маусымда Бальде барлық турнирде 23 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.

Ойыншының каталониялық клубпен қазіргі келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt порталы Бальдені 50 миллион еуроға бағалап отыр.