2016 жылғы Олимпиада чемпионы қазақстандық Данияр Елеусінов әлеуметтік желідегі парақшасында кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жақын арада рингке оралуым жайлы жаңалықтар болады!», - деп жазды Елеусінов жекпе-жектерінің ең үздік сәттерін жариялап.

Данияр Елеусінов 15 желтоқсанда Астанада өткен «IBA чемпиондар түні» кешінде өнер көрсетті. Ол Оңтүстік Африка боксшысы Джабулани Махенсемен кездесіп, төрешілер шешіммен жеңіске жеткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Данияр былтыр Жәнібек Әлімханұлының бұрынғы бапкері Джеймс «Бадди» МакГиртпен жұмыс істей бастағанын мәлімдеген еді.