Қостанайлық «Тобыл» қазақстандық қорғаушы Руслан Валиуллиннің командадағы болашағы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Руслан бізбен бірге!

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Руслан Валиуллин «Тобылмен» келісімшартын ұзартты.

Руслан «Тобыл» құрамында Премьер-лигада 2019 жылдың 9 наурызында Қостанайда «Ертіске» қарсы матчта дебютін өткізді (3:0).

«Тобыл» құрамында футболшы барлық турнирде 80 матч өткізді.

Руслан Валиуллин «Сары-жасылдармен» бірге ел чемпионатын жеңіп алып, Суперкубогы пен ҚР Кубогының иегері атанған», - делінген клуб хабарламасында