Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Жібек грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге ширек финалда Польша өкілі Майя Хвалиньска – жапониялық Юки Наитомен сынға түсті.

Қазақстандық-грекиялық дуэт 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Құламбаева – Сакелларидидің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.