Бүгін Қазақстан құрамасының қорғаушысы Еркін Тапалов «Тобыл» клубымен келісім-шартқа отырды. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тапалов өзінің мансабын 2011 жылы «Ақжайық» құрамында бастады. Кейін қорғаушы «Шахтерде», «Жетісуда» және «Тұранда» өнер көрсетті. Тапалов өткен маусымды «Қызылжар» құрамында өткізді, команда капитаны болды.

2019 жылдың 21 ақпанында Қазақстан құрамасы сапында Молдоваға қарсы жолдастық кездесуде дебют жасады. Қазақстан құрамасында Тапалов барлығы 12 матчта алаңға шықты.