12-23 қаңтар аралығында Кувейтте стенд атудан лицензиялық Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған турнирде 8 олимпиадалық квота сарапқа салынады. Яғни, әр жаттығу түріне екі жолдамадан берілмек.

Қазақстан атынан «трап» және «скит» бағдарламсы бойынша 18 спортшы бақ сынайды.

Стенд атудан Азия біріншілігіне қатысатын Қазақстан командасының құрамы:

Трап:

Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамамбетова, Анастасия Прилепина, Максим Бедарев, Әлішер Айсалбаев, Виктор Хасянов, Богдан Коенченко, Никита Моисеев, Никита Чикулаев.

Скит:

Эдуард Ещенко, Александр Ещенко, Александр Мухамедалиев, Илья Пенков, Максим Почивалов, Ратмир Еникеев, Әсем Орынбай, Ольга Панарина, Зоя Кравченко.