"Зениттің" қорғаушысы Роберт Ренан мансабын «Интернасьоналда» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы петерборлық клуб өзінің ресми сайтында хабарлады.

Айта кетейік, Ренанның бразилиялық клубпен келісімі 2024 жылдың соңына дейін.

Естеріңізге сала кетейік, Ренан «Зенитке» 2023 жылдың қаңтарында «Коринтианстан» ауысты. 20 жастағы футболшы клуб құрамында 18 матч өткізіп, нәтижелі әрекеттерге қол жеткізе алмады.

Биыл Ресей чемпионатының 18 турынан кейін «Зенит» турнирлік кестеде көшбасшы "Краснодардан" екі ұпайға қалып, екінші орында тұр.