Әйгілі америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер заманауи бокстағы негізгі үш жұлдызды атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Флойдтың үздік үштігіне Сауль Альварес, Райан Гарсия және Гервонта Дэвис кірді.

«Қазіргі таңда ең танымал боксшылар – ауыр соққы жасаған жігіттер. Мен олардың көп екенін айтпас едім. Қазіргі уақытта бокста тек үш жұлдыз бар: Канело, Райан Гарсия және Гервонта Дэвис...», - деді Мейвезер.

Естеріңізге сала кетейік, Райан Гарсиа қазір Девин Хэнимен жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.