Жыл соңында «Реал» басшылығы бас бапкер Карло Анчелоттимен келісімшартты тағы екі жылға ұзартты.

64 жастағы италиялық маман команданы 2026 жылдың ортасына дейін басқарады.

TodoFichajes басылымының хабарлауынша, «Корольдік клубтың» басшылығы екі жылдан кейін команданы қай маманға ауыстыру керегін білмей дал болып отыр. Негізгі үміткер ретінде Хавиб Алонсо аталған.

Хаби Алонсо алдағы жылдарда Леверкузендік «Байермен» жүлделер жеңіп алуды мақсат етіп жатыр. Испаниялық маман осыдан кейін «Реалдың» ұсынысын қабылдауы мүмкін.

Сонымен қатар, Алонсоның Леверкузендікпен келісімшарты 2026 жылдың 30 маусымына дейін созылады.

Бұл маманға Бундеслиганың ең қуатты клубы «Бавария» да үміткер. Мюнхендіктер қазіргі уақытта команданы басқарып отырған Томас Тухельмен келісім шартты аяқтағаннан кейін Хаби Алонсоны бас бапкер етіп алғысы келеді.