ПСЖ тарихта 12-ші рет Франция суперкубогын жеңіп алды. «Парк де Принс» стадионында париждіктер «Тулузаны» (2:0) ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі гол да бірінші таймда соғылды. Ли Канг-Ин 3-минутта гол соқты, Килиан Мбаппе 44-минутта есепт3 2?0-ге жеткізді.

ПСЖ кейінгі рет Франция суперкубогын 2022 жылы жеңіп алды. Сондай-ақ париждіктер кубокты 1995, 1998, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019 және 2020 жылдары иеленген болатын. Бұл рекорд көрсеткіш.