Жеңіліп көрмеген ресейлік UFC файтері Мовсар Евлоев америкалық Белал Мұхаммадтың британдық Леон Эдвардсқа қарсы UFC жартылай орта салмақтағы титулдық жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мұхаммад пен Эдвардс сәуір айында UFC 300 турнирінде титул үшін жұдырықтасады.

«Леонда барлығы ресми түрде аяқталды, Белал келесі UFC чемпионы», - деп жазды Евлоев әлеуметтік желіде.

Белал Мұхаммад ММА бойынша 26 жекпе-жек өткізіп, 23 жеңіске жеткен. Леон Эдвардс 25 жекпе-жекте 22 рет жеңіске жеткен.