Ақпан айында Болгария астанасы Софияда бокстан дәстүрлі «Странджа» турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Осымен 75-рет өткізілетін турнирге бокстан Қазақстан құрамасы да қатысады. Турнирде бақ сынайтын боксшылар қатарында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар. Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуынша, жарыс басталғанға дейін құрамда аз-кем өзгеріс болуы мүмкін.

«Странджа» турниріне қатысатын Қазақстан командасы:

51 келі: Санжар Тәшкенбай54 келі: Дәулет Молдашев57 келі: Оразбек Асылқұлов60 келі: Руслан Күзеубаев63,5 келі: Ерасыл Танкай67 келі: Дулат Бекбауов71 келі: Талғат Шәйкен75 келі: Нұрқанат Райыс80 келі: Тұрсынбай Құлахмет86 келі: Абзал Құттыбеков92 келі: Сағындык Тоғамбай

Турнир 2-12 ақпан аралығында өтеді.