Қазақстандық маман Константин Горовенко Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері болады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол Қайрат Нұрдәулетов «Жетісу» командасына кеткеннен кейін құраманы басқарады. Бұған дейін бұл қызметке Нұрдәулетовтың көмекшісі Нұрбол Жұмасқалиев қарастырылған болатын.

Горовенко бапкер ретінде «Шахтер», «Жетісу», «Мақтаарал», «Атырау», «Каспий» сияқты клубтарда жұмыс істеген.