Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орын) Брисбенде (Аустралия) өтіп жатқан WTA-500 санатындағы турнирдің екінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакинаның қарсыласы аустралиялық Оливия Гадеки (WTA рейтингінде 124-орын) болды. Кездесу 6:4, 6:1 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.

Матч 1 сағат 12 минутқа созылды.

Келесі айналымда Рыбакина Элиза Мертенс (Бельгия) - Слоан Стивенс (АҚШ) матчының жеңімпазымен кездеседі. Турнир 7 қаңтарға дейін жалғасады.