2024 жылы дзюдодан әлемдік гранд турлар жалғасады және спортшылар олимпиадалық рейтингтегі жағдайын одан әрі жақсартуға тырысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық дзюдо федерациясының кестесіне сәйкес, 26-28 қаңтар күндері Португалияда Гран-при турнирі өтеді.

2-4 ақпан аралығында Париждегі «Үлкен Дулыға» бәсекесінің жеңімпаздары анықталмақ.

16-18 ақпанда Бакуде, 1-3 наурыз күндері Ташкентте, 22-24 наурызда Тбилисиде, 29-31 наурызда Антальядағы Grand Slam турнирлері ұйымдастырылады.

19-24 мамыр аралығында Абу-Дабиде ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Сондай-ақ, 10-12 мамырда Grand Slam турнирін Алматы қаласы қабылдайды.

Олимпиада қарсаңындағы соңғы жарыс 28-30 маусым күндері Ұлан-Баатар қаласында өтпек.

Ал Париждегі Олимпиада ойындарында дзюдо бағдарламасы 27 шілде мен 2 тамыз аралығына жоспарланған.