Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының тарихындағы үздік бомбардир, жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдиновтың жалақысы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz Tengri Sport басылымына сілтеме жасап.

Түрік клубының шетелдік ойыншыларының келісім-шарт бойынша алатын ақша сомалары ғаламторда жарияланды. Бұл ақпаратқа сәйкес, «Бешикташтың» шабуылшысы Винсент Абубакар 3,1 миллион еуро жалақы алады.

Екінші орында «Ливерпульдің» бұрынғы ойыншысы Алекс Окслейд-Чемберлен, мәліметтер бойынша 2,5 миллион еуро алады.

Бактиер Зайнутдинов бұл тізімде 12-ші орында, оның жылдық жалақысы 1,2 миллион еуроны (600,1 миллион теңге) құрайды.