Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Ақтөбеге ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

25 жастағы ойыншының елге оралуына облыс әкімі Асхат Шахаровтың жеке өзі мүдделі. Рамазан Оразов Түркиядағы келесі оқу-жаттығу жиынында командаға қосылуы мүмкін.

Еске салайық, Оразовтың соңғы клубы словениялық «Копер» болды.

Ол бұған дейін алматылық «Қайрат», «Тобыл», «Ақсу», ресейлік «Чайка» және латвиялық «Даугавпилс» клубтарында өнер көрсеткен.