«Ақтөбе» ФК португалдық жартылай қорғаушы Бруно Алешандре Виейра Альмейданы сатып алуға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы ақтөбелік клубтың трансферлік мүдделерінің тізімінде.

Альмейданың келісім-шартқа құқығы Брага футбол клубына тиесілі, бірақ ол қазір «Маритиму» клубында жалға ойнап жүр. Айта кетейік, бұған дейін Португалия жастар құрамасында өнер көрсеткен футболшы қазіргі командасының капитаны.

Transfermarkt мәліметі бойынша спортшының келісімшартының құны 1,20 миллион еуроны құрайды.