Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Австралияның Канберра қаласында өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің келесі кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтың турнирдің екінші айналымындағы қарсыласы Чехия өкілі Якуб Меншик болды. Евсеев раундта жеңіске жете алмай, ойын барысында екі сетте 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Матч 1 сағат 15 минутқа созылды.