Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орын) Брисбенде (Австралия) өтіп жатқан турнирдің екінші айналымында кіммен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакинаның қарсыласы турнир басында отандасы Кимберли Бирреллді (115-орын) жеңген австралиялық Оливия Гадекки (124-орын) болады.

Естеріңізге сала кетейік, Елена Рыбакина үшін бұл 2024 жылғы алғашқы матч болмақ. Өткен жылы Қазақстанның бірінші ракеткасы WTA рейтингін төртінші орында аяқтаған болатын. Брисбендегі турнирдің жүлде қорына келетін болсақ, ол 1 736 763 долларды құрайды. Турнир жеңімпазы 220 000 доллар алады, сонымен қатар 500 рейтингтік ұпайға ие болады.