WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жектері туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қаңтарда біз АҚШ-қа ұшып, жекпе-жекке дайындықты бастаймыз. Құдай қаласа, наурыздың аяғында немесе сәуірдің басында жекпе-жек өтеді. Әзірге нақты күн анықталмады. Қарсыластар? Эрисланди Лара мен Джермалл Чарлоға ұсыныстар жасалды, келіссөздер жалғасуда. Менің титулдарымды қорғауым да бар, ол жақта да бірнеше үміткер бар», - деді 30 жастағы қазақ боксшысы.

Айта кетейік, Әлімханұлы өткен жылдың қазан айында IBF чемпионы атағы үшін төбелесте Винченцо Гуальтиериді жеңген болатын.