Қазақстандық теннисші Анна Данилина Окленд қаласында (Аустралия) өтіп жатқан жұптық турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы матчта Анна Данилина/Виктория Грунчакова (Словакия) жұбы Элисия Болтон (Аустралия)/Александра Бозович (Аустралия) дуэтін 6:3, 6:1 есебімен жеңді.

Матч 57 минутқа созылды.

Турнирдің ширек финалында Қазақстан-Словакия дуэті Сю Ван Ван (Қытай)/Юэ Юань (Қытай) жұбымен кездеседі.